KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да 15 мың адамды жұмыспен қамтитын 73 жоба қолға алынды

14.08.2019, 09:30 165

Өңірімізде индустриландыру картасы бойынша 15 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етуді көздеген 73 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің отырысы барысында облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұдан бөлек, жалпы сомасы 811 миллиард теңгені құрайтын республикалық жобалар да қосымша 3900 жұмыс орнын құруды көздейді.

– 2010-2018 жылдары аралығында жалпы сомасы 707 миллиард теңгеден астам 47 жоба іске асырылып, қолданысқа берілді, – дейді Ержан Айткенұлы. – Нәтижесінде 8,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы жалпы сомасы 26 миллиард теңгеден астам 4 жоба іске асырылуда. Бұл жобалар аясында 160 жаңа жұмыс орны ашылады.

Аталмыш жобалардың біріншісі темір-бетон өнімдерін өндіру кәсіпорнының ашылуы. Қазіргі уақытта бұл өндірістің жұмысы жолға қойылып, жылдың бірінші жартысында 700-ден астам темір-бетон өнімдері түрлері өндірілді. Тағы бір жоба Жарма ауданындағы «Жаңғыз-солар» ЖШС салып жатқан қуаты 30 мВт-тық күн электр станциясы. Қазіргі уақытта нысанның монтаждау жұмыстары толықтай аяқталып, күн батареялары құрылғылары орнатылған. Сонымен қатар «Аягөз құрылыс материалдары комбинаты» ЖШС 2,3 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске асыруда. Бүгінгі таңда жұмыстары аяқталып, құрылғыларды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Төртінші жоба «Тұрғысын-1» ЖШС жүзеге асырып жатқан Тұрғысын ГЭС-ін салу жұмыстары. Бекітілген кестеге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысан жыл соңында қолданысқа беріледі.

Басқарма басшысының хабарлауынша, 2020-2025 жылдары аралығында 557 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуды көздеген 22 жоба жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы алдағы уақытта өңірімізде мың адамды жұмыспен қамтитын тау-кен байыту комбинатын салмақ. Жоба қазіргі уақытта министрлік қарауына жолданған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив