KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскеменде қоқыс полигонындағы өрт ауыздықталды (ВИДЕО)

12.08.2019, 10:21 192

Өскеменнің Шмелев Лог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында басталған аса ірі өрт ауыздықталды. Адамдарға өрттен келер қауіп жоқ. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Қалалық қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталған, маңайындағы аумаққа тарау қаупі жоқ, - дейді шаһар басшысы.

Қазір өрттің орнында 10-нан астам техника жұмыс істеуде. Қала әкімі өрттің салдарын аз уақытта жою үшін арнайы техника мен жұмысшылардың санын арттыруға тапсырма беріп отыр. Бұл жағдай қала әкімдігінің жеке бақылауына алынған.

​ ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, «Өскеменарнайыкоммунтранс» ЖШС өрт сөндіру қызметінің көмегіне кеш жүгініпті. Оған дейін жалынды үш күндей уақыт өз күштерімен ауыздықтауға тырысыпты.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив