KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

"Қалпыңды таза сақта" – Өскеменде әскери бөлімде деструктивті ағымдарға қарсы іс-шара өтті

9.08.2019, 04:26 160

 

Өскеменде әскери қызметкерлерді жат ағымдардан сақтандыру мақсатында жиын өтті. Оған құқыққорғау органы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы және қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиын барысында облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі Алуа Сабалақова елімізге қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдар жайлы, олардың зайырлы мемлекеттің принциптеріне қарсы келетіні туралы, сондай-ақ жат, радикалды діни ағымдардың зардабына ұшыраған жандардың келтіретін қаупіне тоқталды.

Ал ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктермен байланыс секторының бас маманы Айнұр Көшербаева өз сөзінде жиһад, шахит жайлы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне түсінік беріп, ислам дінінің негізгі қағидаттары мен ұстанымдары біздің бабаларымыз ұстанған наным-сенімдермен ұштасып жатқанын әңгімеледі. Бауырмалдық пен меймандостықтан ешкімнің жапа шекпейтінін айтты.

– 27943 әскери бөліміндегі бұл шара 5-14 тамыз аралығында өткізіліп жатқан профилактикалық онкүндік аясында болды. «Әскери ортаға деструктивті идеологияның еніп кетуіне жол бермеу» іс-шаралардың жоспарына сәйкес, экстремистік – деструктивтік және дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі бейнефильмдерді көрсетілді. Сондай-ақ экстремизм, терроризм, әлеуметтік және нәсілдік алауыздық идеяларын таратқан адамдарға байланысты заңнаман түсіндірілді. Дін – рухсыздық пен қанағатсыздықтың алдына қойылған ең берік қамалдардың бірі. Дін сайып келгенде, адамның жан дүниесінің тазалығы мен адамгершілігі туралы сөз. «Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта» деп Хакім Абай айтқандай, біздің елдің әрбір азаматы жат ағымдарға еріп кетпей, дұрыс жолды таңдай білуі керек, – дейді әскери бөлімнің қызметкері, капитан Нұржан Малгаждаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив