KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Өскеменде қоғамдық көлікті жүргізуші құқығынан айырылған адам жүргізіп жүр

8.08.2019, 11:09 112

Өскеменде қоғамдық көлікті жүргізуші құқығынан айырылған адам жүргізіп жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қаладағы №4 автобусты жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізушілік құқығынан айырылған азамат жүргізіп жүрген. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзған жүргізушіні ұстап, жауапқа тартты.

– Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, жауапкершілікке тартылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ тасымалдаушы кәсіпорынның басшылығы да жауапкершілікке тартылатын болады, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив