KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
447.4 477.55 4.76

Көкпекті ауданында жаңа саябақ ашылды

7.08.2019, 09:54 188

Көкпекті ауылында Горная көшесінің бойынан жаңа саябақ ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыдан бірнеше ай бұрын саябақ тұрған жерде қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орны болған. Қоқыс күннен күнге көбейіп, кең аумаққа жайыл бастаған екен. Аудан әкімінің тапсырмасымен бұл жер қоқыстан тазартылып, орнына саябақ салынды.

Аталмыш жобаға елді мекендерді абаттандыру бойынша мемлеттік бағдарламамен бюджеттен 10 миллион теңге қаржы жұмсалыпты.

Жаңа саябақта субұрқақ орнатылып, орындықтар мен гүлзарлар қойылған. Сондай-ақ, саябақтың жанынан мини-футбол алаңы да ашылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив