KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Қосымша 5000 грант. Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар тізімі:

7.08.2019, 05:39 169

Көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балаларға қосымша бес мың білім гранты бөлінген болатын. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бұл гранттарды жергілікті атқарушы органдар конкурс негізінде береді. Қандай құжаттар талап етіледі? Қабылдау қашан басталады? Алтайньюс тілшісі хабарлайды.

Ең бірінші арнайы конкурстық комиссиялар құрылады. Айтып өткеніміздей, бұл гранттарға көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасыдан шыққан балалар үміткер бола алады. 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-дан шекті балл жинау – конкурсқа қатысудағы негізгі шарт. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша оқу үшін кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады. Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезінде түпнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 

Сондай-ақ, балалардың көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасы қатарынан екендігін растайтын тапсырылуы тиіс.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив