KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Семейде екі миллион теңге жымқырған қырғыз азаматы ұсталды

6.08.2019, 04:20 175

Семейде екі  миллион теңге жымқырған қырғыз азаматы ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей қаласында тұратын кәсіпкер азамат полицияға шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер үйіне кіріп, сейфтегі 2 миллион ақшаны жымқырып, әйел адамның қымбат әшекейлері мен сағаттарын алып кеткен.

Тәртіп сақшылары күдікке ілінген 25 жастағы Қырғызстан Респубилкасының азаматын ұстады.

        – Шығын 3 800 000 теңгеге бағаланады. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Қазіргі уақытта 1 900 000 теңге өндіріп алынды. ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, –  деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қылмыстық кодекстің аталмыш бабы бойынша, мүлкін тәркілеумен қоса, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив