Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 2 м/с, С
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» тақырыбында көркем шығарма жазудан республикалық байқау өтеді

14.06.2022, 12:35 27 0 Ләззат Қанатқызы

«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мен О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана бірлесіп «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» тақырыбы аясында көркем шығарма жазудан Оралхан Бөкей атындағы республикалық ӘДЕБИ БАЙҚАУ ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Байқауға республика бойынша 25-40 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады. Егер де «Ауыл хикаялары» туралы қазақ тілінде жазылған прозаңыз (эссе, әңгіме, монолог) болса 20 қыркүйекке дейін  ukcbs@mail.ru  электрондық  поштаға  немесе баспа түрінде Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22 мекенжайында орталасқан кітапханаға әкеліп тапсыруларыңызға болады.

Байқау қортындысы 28 қыркүйекте, яғни Оралхан Бөкейдің туған күні жарияланып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Толығырақ ақпаратты 87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова, 8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64 телефон нөмірлері арқылы ала аласыздар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив