Өскемен
-26°
плотный туман ветер 1 м/с, З
460.43 501.04 6.65

Тұрмыстық қалдықты сұрыптау желісі қыркүйекте іске қосылады - Өскемен

13.06.2022, 23:29 21 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде 2021 жылдың маусым айынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың, қатты-тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісі орналастырылатын ангар құрылысы басталған еді.

Сұрыптау желісінің жабдықтарын жеткізуші – Sabo S.A. грек компаниясы. Келісім-шарттың талаптарына сәйкес, жабдықтар 2021 жылдың шілде айына дейін жеткізілуге тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты 2021 жылдың желтоқсан айында бірақ жеткізілді.

Нысанның құрылысы барысында Sabo S.A. грек компаниясы жабдықтарды монтаждау реттілігіне қатысты талаптарды өзгертті. Бұл талаптар бойынша, ғимараттың конструкцияларын монтаждау, панельдерді қаптаужұмыстары сұрыптау желісінің ірі конструкциялары орнатылғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы керек. Компания тарапынан алдын ала ескерілмеген жағдай конструкцияларды дайындау мерзімдерінің созылуына себеп болды.

Бұл технологиялық ерекшеліктерге қатысты орын алған жағдайдың салдарынан монтаждың кестесі мен Жобаға түзету енгізуге тура келді. Құрылыс жұмыстары 1 айға тоқтатылды.

2022 жылы наурыз айының бас кезінде Sabo S.A. компаниясы жабдықтарды монтаждау-реттеу бойынша жұмыстарды тоқтатты. Оның себебі - жеткізілген жабдықтар үшін «Жасыл Даму» АҚ-нан қаржылық төлемдердің уақытында түспеуі. Тек сәуір айында ғана бұл жұмыстарды қайта жандандыру туралы хабарланып, грек мамандарының электрмонтаж жұмыстарын жүргізуге келетін күні белгіленді.

Sabo S.A. компаниясы ұсынған кестеге сәйкес, электромонтаж, бағдарламалау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу мерзімі 2 айға созылады. Электромонтаж жұмыстары грек мамандары келгеннен кейін басталады.

Қалдықтарды сұрыптау желісі қыркүйек айына қарай іске қосылады деп жоспарлануда.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив