KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Күршімде мектеп формасын тегін береді

26.07.2019, 09:10 159

Биыл Күршім ауданында 1419 оқушыға мектеп формалары тегін беріледі. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен қаражат бөлінген.

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, мектеп формасы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға үлестіріледі.

Бүгінде Алғабас орта мектебінде білім алып жатқан оқушылардың 52-сі оқуға қажетті киім-кешектермен толық қамтамасыз етілгенін атап өткен орынды.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 33 582 оқушыға тегін мектеп формасы таратылады. Мұндағы басты мақсат – балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив