KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала қалай тіркеледі?

26.07.2019, 03:55 121

ХҚО-ға кезекті egov.kz электронды порталы және телеграмдағы @egovkzbot арқылы брондауға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Брондау үшін не істеу керек?

·  egov.kz  электронды порталына кіріп, оң жақ бұрышта орналасқан «ХҚО-ға» кезекті брондау» тетігін басыңыз;өзіңізге ыңғайлы жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз; ЖСН нөмірін енгізіңіз; «Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;Кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келеді.

·   Ал, телеграм-бот қызметін пайдалану үшін міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу керек; ұялы телефоныңыздағы телеграм қосымшасынан @egovkzbot –ты тауып, ондағы «старт» тетігін басасыз; мәзір арқылы телефон нөмірін жіберіп, қызметтер тізімінен «ХҚО –на электронды кезекті брондау» тетігін таңдау керек;

Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде жеке куәлікті ұсыну жеткілікті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив