KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Семейдегі 11 жыл бойы салынып жатқан мешіт. Қала әкімі тұрғындарды «асарға» шақырды

25.07.2019, 05:40 213

Семей әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын «Асарға» шақырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Семейде 2700-3000 адамға есептелген мешіттің салынып жатқанын жазған болатынбыз. Оның құрылысы 2008 жылы басталған еді. Жоспарға сәйкес, мешіт пайдалануға 2020 жылдың жазында берілуге тиіс. Осыған байланысты қала әкімі тұрғындарды мешіттің құрылысына атсалысуға шақырып отыр.

«Асар» осы сенбі яғни 27-ші шілде сағат 15:00-ге жоспарланған.

– Мұндай игі іске кезкелген адам өз үлесін қосуы керек деп санаймын. Біреулер қаржылай, ал енді біреулер еңбегімен өз пайдасын тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл халық үшін салынып жатқан мешіт сондықтан барша қала тұрғындарын Асарға шақырамын, – дейді қала басшысы Ермак Сәлімов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив