KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Өскемен тұрғынының көлігін Ресей азаматы ұрлап кетті

25.07.2019, 04:08 141

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен  Ресей азаматы Өскемен тұрғынының автокөлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

21 шілде күні Полиция бөлімшесіне қала тұрғыны қоңырау шалып, белгісіз біреулердің көлігін ұрлап кеткенін хабарлаған. Арызданушы материалдық шығынын 1 500 000 теңгеге бағалады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 шілдеде Ресей Федерациясының 33 жастағы азаматы қолға түсті. Одан ұрланған автокөлік тәркіленіп, жәбірленушіге қолхат арқылы берілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күдіктінің ҚР Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткендігі анықталды. Осыған байланысты аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив