KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да әкесінің көлігін теуіп кеткен жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

20.07.2019, 05:56 190

Семейде әкесінің көлігін теуіп кеткен жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Семей қалалық ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Дереккөздің ақпараты бойынша,  ІІБ-ге қала тұрғыны қоңырау шалып, ауласында тұрған «Ниссан цефиро» маркалы автокөлігі жоғалып кеткенін хабарлаған.

Тәртіп сақшылары аталған мекен жайға дереу жетіп, жәбірленушіден және куәгерлерден түсініктеме алады.

– Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған құқық бұзушылықты жасаған күдіктіні ұстады. Қылмыскер арыз берушінің 38 жастағы ұлы болып шықты, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен шығын сомасы 1 200 000 теңге деп бағаланды. Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив