KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Қазақстан WhatsApp және Telegram-мен күресуге ниетті

19.07.2019, 09:33 184

Қазақстанда бүкіл әлемге танымал WhatsApp және Telegram мессенджерлерімен бәсекелесетін ішкі жүйе құрылады. Бұл туралы сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осы орайды журналистер вице-министрге «қытайлық WeChat-пен ұқсас жабық интернет-жүйесі құрыла ма?» деген сұрақ қойды.

Оспанов мемлекет жабық жүйені әзірлеумен айналыспайтынын, алайда осындай жобалармен жұмыс істеуге мүдделі жеке компаниялар бар екенін атап өтті.

– Мемлекет өзінің жеке WeChat-ын жасамайды. Бірақ мен WhatsApp, Telegram мессенжерлерімен күресуге арналған ішкі жүйені құрумен айналысатын бірнеше компанияның өкілдермін кездестім. Біз бұл жүйені жасаймыз. Бірақ ол толығымен жеке ойыншы болады, – деді вице-министр.

Сондай-ақ Аблайхан Оспанов бұл жобаны қаржыландыру мемлекет есебінен жүргізілмейтінін атап өтті.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив