KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО полицейлері жағажайға бағалы затты алып бармауды ескертті

17.07.2019, 05:51 39

Тәртіп сақшылары жағажайға бағалы заттарды алып бармауды ескертеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жуықта Семейдегі полиция бөлімшесіне ұқсас екі жағдай бойынша шағым түсті. Бірі – «Ферруччи» маркалы бағалы сағатын, екіншісі – «HUAWEI P20» маркалы телефонын жоғалтқан адамнан. Екеуінің де бағалы заты суға шомылу кезінде жағалауда жоғалған.

Полицейлер арада біраз уақыт өткенде сағат ұрлаған 27 жастағы күдіктіні ұстады.

Ал екінші жағдайға байланысты іздестіру әлі жалғасуда. Телефон иесі шығын мөлшері 125 мың теңге екенін атап көрсетті.

Полицейлер демалушыларға заттарын жағалауда қараусыз қалдырмау керегін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив