KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Аң-құстың ауланатын лимиті белгіленді

17.07.2019, 05:07 274

Биыл өңірімізде 195 бұлан, 243 марал жəне 95 қоңыр аю ауланады. Оқырмандарымыз бұл көрсеткішті қайдан алды деп ойлайтын шығар? Бұл - еліміздің Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылдың 17 маусымдағы №240 бұйрығы. Аталмыш құжатта биыл ауланатын балық пен бірқатар жануар түрлерін аулау шегі белгіленген. Осы себепті, саптама етігін киіп, мылтығын асынған аңшының қанжығасына ілінер аң-құстың биыл қанша болатынын анықтап өтуді жөн көрдік.

Жалпы, қазаққа аңшылық негізгі кəсіп болмаса да, ертеден күнкөрісіне демеу болғаны белгілі. Бүгінде жұрттың бір бөлігі онымен оқта-текте ғана айналысып, ермекке айналдырған. Ал еліміздің жерұйығы саналатын Шығыс Қазақстан өңірі аңшылықты кəсіппен қатар, ермек еткен тұрғындар үшін таптырмайтын жер екені рас. Бұлай дейтінімізге себеп те жоқ емес, өйткені Шығыстың жерін оттап, шөлін басатын жан-жануары аз емес. Қойнауы құт Алтай, Қалба мен Тарбағатай, одан қалса Сауыр мен Сайханның баурайын барлап, Марқа мен Зайсанның жағасын жағаласаңыз қанжығаңызға тіпті болмағанда қалың қамыс арасынан қасқалдақ пен құр ілінетіні белгілі. Осыдан болар, жыл сайынғы ауланатын аң-құс санының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен өзге өңірлерден гөрі, біздің облыста көбірек болып белгіленетіні.

Атап айтсақ, биыл бүкіл Қазақстан бойынша ауланатын 301 бұланның 65 пайызы, яғни 195-і Шығыс Қазақстанның еншісіне тиесілі, ал еліміз бойынша ауланатын 95 қоңыр аю тек Шығыс өңірінен ғана ауланады. Сондай-ақ терісі бағалы бұлғынның, құнудың, сарғыш күзеннің, көк шалғынды саялаған қарабауыр шілдің барлығы, өзен құндызының 78, сілеусіннің 83, сібір тауешкісінің 89, тиіннің 67, сарыкүзеннің 63, құрдың 81 пайызы Шығыс Қазақстан облысының аумағынан ауланбақ. Бұдан басқа биыл аңшы нысанасына 26 мың суыр мен 18 мыңнан астам қоян ілінбек.

Шығыс Қазақстанда биыл ауланатын аң-құстың лимиті

Бұлан - 195
Марал - 243
Сібір елігі 1315
Қабан - 409
Сібір тау ешкісі - 13
Қоңыр аю - 95
Суыр - 26015
Ондатр - 6075
Бұлғын - 686
Өзен құндызы - 330
Түлкі - 4025
Қарсақ - 736
Қояндар (3 түрі) - 18700
Американ су күзені - 969
Құну - 4
Борсық - 1552
Тиін - 1939
Ақкіс - 533
Сасық күзен - 1632
Сары күзен - 513
Сілеусін - 50
Сарғыш күзен - 478
Аққалақ - 414
Қаз - 7300
Үйрек - 71910
Қасқалдақ - 19627
Шалшықшы - 2540
Құр - 9347
Саңырау құр - 67
Қарабауыр шіл - 626

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив