KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Ертең Ай тұтылады. Қазақстандықтар Юпитер мен Сатурнды көре алады

16.07.2019, 04:01 194

17 шілдеде, яғни ертең ай тұтылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Айдың тұтылуы  16 шілдеден 17-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 02.00 сағатта басталады. Ғалымдардың айтуынша, айдың 66%-ы, яғни үштен екі бөлігі көлеңкеге кіреді. Табиғаттың ғажайып құбылысы кезінде қазақстандықтар Сатурн мен Юпитерді көре алады. Мамандар 15 минут ішінде адам тұтылудың құдды кесте бойынша жүріп жатқанын байқай алады деп отыр.

Ай ең жоғарғы фазаға (0.66) сағат 3:30 кезінде жетеді. Дәл осы сәтте тіптен ғажайып көріністі тамашалауға мүмкіндік туады. Өйткені ай оңтүстік- батысқа қарай көкжиекке тақап келеді. Содан кейін ғана ай көлеңкеден баяу шыға бастайды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив