11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 11 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, шығысында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, батысында бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде батыста, күндіз Ақмола облысының шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстікте, батыста, шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с болатын шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында шаңды дауыл соғады.
Нұр — Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз 23-25 градус, түнде 13-15 градус.
Алматыда жаңбыр жауады, күндіз 30-32 градус, түнде 18-20 градус.
Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жауады, күндіз — 31-33 градус, түнде — 18-20 градус.