KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам адамды кене шақты

10.07.2019, 12:47 218

2019 жылдың басынан бері облыс аумағында 3693 адамды кене шақты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сондай-ақ, кене энцефалитін жұқтыру бойынша 7 факті, кене боррелиозы бойынша – 14 факті тіркеліп отыр.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы кене шаққан адамдардың саны 3991 болған.

Кене энцефалитін жұқтыру бойынша фактілер Катонқарағай, Көкпекті, Алтай аудандары мен Өскемен қаласында тіркеліпті. Сондай-ақ, облыс көлемінде кене боррелиозын жұқтырған 14 адам болды. Бұл науқастардың ешқайсы кене шақты деген шағыммен дәрігерге қаралмаған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив