KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

«Торпедоның» ЖХЛ аясындағы ойындарының кестесі

9.07.2019, 09:11 135

Өскемендік «Торпедо» 2019-2020 жылдарғы Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы алғашқы бес ойынын өз айдынында өткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның біріншісінде жерлестеріміз былтырғы жарыста плей-офф кезеңінің ақтық сынына дейін жеткен Түменнің «Рубинымен» кездеспек. Бұл ойын 9 қыркүйек, дүйсенбі күні ойналады. Одан кейін торпедолықтар 11 қыркүйек күні – «Югра» (Ханты-Мансийск), 13 қыркүйекте – «Ермак» (Ангарск), 15 қыркүйекте – «Сокол» (Красноярск) және 19 қыркүйекте былтырғы жарыстың жеңімпазы қарағандылық «Сарыарқа» хоккейшілерімен шеберлік байқаспақ.

Айта кетейік, биылғы додаға барлығы 32 команда қатысады. Оның 26-сы ресейлік клубтар болса, екеуі – Қытай, біреуі Өзбекстан өкілі екен. Қазақстанның намысын бұл жарыста үш клуб, атап айтсақ, Қарағандының «Сарыарқасы», Нұр-Сұлтанның «Номады» және Өскеменнің «Торпедосы» қорғамақ. Біріншілік аясында командалардың әрқайсысы 52 ойын өткізеді деп жоспарлануда.

«Тұрақты чемпионат ойындары 2020 жылғы 18 ақпанда ақталып, турнирлік кестеде алғашқы 16 орыннан көрінген командалар плей-офф кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болмақ» делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив