KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Шілде айы жаңбырлы болады

3.07.2019, 05:51 167

Синоптиктердің болжамы бойынша, осы айдың алғашқы 20 күнінде ШҚО-да күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бірінші онкүндікте сынап бағаны +22 мен +32 градус аралығын көрсетсе, түнгі уақытта - +8... +12 градус болады. Күн күркіреп, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Екінші онкүндікте ауа температурасы 26-32 градусқа көтеріледі, ал түнде 18-22 градус жылы болады. Бұл кезде де күн жиі бұлттанып, жаңбыр жауады деп болжануда.

Үшінші онкүндікте күндіз 30-33 градусқа дейін ыстық болады. Ал айдың соңында күн біршама салқындап, сынап бағаны  21-25 градусты көрсетсе, түнде 12-25 градусқа дейін төмендейді. Бұл уақыт аралығында күн бұлтты болғанымен, айдың бас кезіндегідей жауын-шашын жиі жаумайды.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив