KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 4 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Семейдің құс фабрикалары Арысқа 20 тонна ет жөнелтті

3.07.2019, 05:45 169

Арысқа қайырымдылық шараларын жасауға семейліктер бір кісідей атсалысып жатыр. Жергілікті құс фабрикалары 15 миллион теңге болатын 20 тонна құс етін жөнелтті.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевтың айтуынша, облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен арнайы штаб ашылған болатын. Қайырымдылық көмек «NurOtan» партиясының филиалдарында ұйымдастырылуда. Прииртышской бройлер құс фабрикасы мен «Восток бройлер» фабрикасы да ортақ іске жұмыла кірісті.

-Арыстықтарға көмек көрсету біздің парызымыз, Семейден шыққан құс еті екі мың шақырымды артқа тастап, Арысқа үш күнде жетеді,-деді «Восток-Бройлер» құс фабрикасының директоры Амандос Налибаев,- арыстықтарға бұндай күндерде көмек беруге әзірміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив