KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Арысқа Шығыстан 190 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберіледі

1.07.2019, 10:53 161

Шығыс Қазақстан облысы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласына 190 тонна гуманитарлық көмек жібермек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов мәлім етті.

– Өздеріңіз білесіздер, облыста Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы штаб құрылған болатын. Бүгінде аталмыш штабтың жұмысы облыс əкімі Даниал Ахметовтің тікелей бақылауында. Жалпы, біздің облыс апатқа ұшыраған Арыстағы ағайынға көмек қолын созған алғашқы өңірлердің бірі болғанын айта кеткен жөн. Айналдырған бес күннің ішінде облыс тұрғындарының атсалысуымен 190 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Осы ретте сауапты іске қарапайым тұрғындармен қатар, кәсіпкерлер мен түрлі мекемелер де қатысқанын айту керек. Жер-жерден әкелінген гуманитарлық жүк Өскемен қаласындағы «Дина» базарының қоймасына жиналды. Жүкті тиеп, түсіруге әскерилер, Ұлттық ұлан сарбаздары көмектесті. Алдағы бір-екі күнде аталған жүк вагонға тиеліп, Түркістан облысына жөнелтіледі, – деді Ә.Мұхтарханов.

Оның айтуынша, жиналған көмектің басым бөлігі азық-түлік өнімдері екен. Аудан-қала жұртшылығы, әсіресе ұн (149 тонна), жарма (7,5 тонна), макарон өнімдері (7,5 тонна), күнбағыс майы (22 тонна), қант (2,5 тонна) тәтті-дәмділер (900 келі) сияқты өнімдерді көп жіберіпті. Сондай-ақ гигиеналық заттар, төсек-орын жабдықтары мен киім-кешектің үлесі де аз емес.

Айта кетейік, Арыстағы апатқа байланысты облысымыздың аудан орталықтары мен қалаларында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында 20-ға жуық көмек қабылдау пункті ашылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив