KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Экстремалды спорт түрлерінен «Oskemen open cup» турнирі өтті

1.07.2019, 06:02 102

Өскеменде экстремалды спорт түрлерінен «Oskemen open cup» турнирі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Турнир АҚШ-тағы «FLEX» бағдарламасының студенті, аварияда қаза тапқан – Тимур Бекшентаевтың рухына арналған. Қаламызда скейтпарктің болуын қалаған Тимурдың арманы осыдан үш жыл бұрын, яғни 2016-да жүзеге асқан еді. Содан бастап, жас спортсменнің жақындары мен достары жыл сайын Тимурды еске алады.

Чемпионат скейтбордтан, велосипедтік мотокростан және кик-скутерден өтеді. Аталмыш турнирге Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер, Павлодар қалаларынан келген қатысушылар өз бақтарын сынады.

Көрермендер экстремалды спорт түрінің өкілдері көрсеткен түрлі трюктарды тамашалады. Чемпионаттағы ең қауіпті, әрі сәтті трюктің авторы – Костя Томаровкий болды. Тимурдың ағасы, еске алу турнирі арқылы біз жастардың дамуына септігімізді тигіземіз дейді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға «Limpopo», «Realtok», «Пицца блюз» және т.б демеушілердің қаржылай сыйлықтары мен сертификаттары табысталды. Сайыс жеңіпаздары:

ВМХ:

І орын Можанов Алихан
ІІ орын Плешков Иван
ІІІ орын Томаровский Костя

Скейтбординг:

І орын Холопов Кирилл
ІІ орын Тюпкин Дмитрий
ІІІ орын Жунусов Адиль

Скутер:

І орын Жұмаргалиев Мансұр
ІІ орын Абдулгазинов Тимур
ІІІ орын Видякин Владимир

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив