KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 9 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Малға кесел қайдан келгені белгісіз – Тарбағатай ауданы

4.10.2022, 10:20 167

Соңғы жылдары тарбағатайлық тұрғындарды әбігерге түсірген бірден-бір мәселе – белгісіз мал ауруы болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бірнеше жыл қатарынан Тарбағатай ауданының кейбір ауылдарында белгісіз ауру пайда болып, ірі қара малдар қырылған еді. Анығырақ айтқанда, жайылымнан келген соң аузынан су ағып, бір-екі күннен соң өліп қалады.

Тұрмысы төрт түлікке байлаулы ауылдардың жағдай қалай екенін аудан әкімі Дархан Жөргекбаев айтып берді.

-        Мұндай мал ауруы Жаңаталап, Ахметбұлақ ауылдарында кездескен болатын. Бірақ қазір ол жерде ошақтары байқалмайды. Қазір Қабанбай, Шорға ауылдарында бұл өзекті мәселеге айналып тұр. Биыл күзде де шықты. Лабораториялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алғашқы диагноздарын да шамамен біліп отырмыз. Біз ветеринарлық инспекциямен, ауылшаруашылық комитетімен әлі де жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді аудан әкімі.

Өкінішке орай, алғашқы диагноздары анықталғанымен, бұл кеселдің малға қайдан тап болғанын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

-        Аурудың неден шығып жатқанын, яғни судан немесе шөптен екені әзірге белгісіз. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қортындысы шыққанда міндетті түрде анығын айтып, бөлісетін боламыз, - деп уәде берді Дархан Шомпайұлы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив