KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып кетті

28.06.2019, 04:53 107

ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып қалып, алты жолаушы пойызының қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Апат 27 маусымда Ақтоғай-Аягөз темір жолының учаскесінде болды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зардап шеккендертіркелмеген. Қазір Ақтоғай мен Аягөздегі мамандар өз күштерімен оқиғаның салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Вагондардың рельстен шығуының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылыпты.

Апаттың салдарынан алты жолаушы пойызы тоқтап қалған:

№ 301 Новосибирск – Алматы;

№ 351 Өскемен – Алматы;

№311 Семей – Нұр-Сұлтан;

№459 Өскемен – Достық;

№32 Алматы – Павлодар;

№22 Қызылорда - Семей.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив