KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да пара алды деген күдікпен департамент басшысы ұсталды (ВИДЕО)

27.06.2019, 08:58 111

Шығыс Қазақстан облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті Тергеу департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттіктің Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті Денсаулық сақтау министрлігінің  Шығыс Қазақстан облыстық  тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының пара алу фактісін анықтады. Оған Ұлан аудандық елді мекендерін зарарсыздандыру қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты  үшін жеке компания директорынан  пара түрінде 337 мың теңге алу күдігі келтіріліп отыр», - деді ол.

 Айтуынша, күдікті өзінің орынбасарларымен және басқарма басшыларымен алдын ала ымыраласа отырып, кәсіпкерлік субъектілерінен тұрақты түрде пара алып келген. Сонымен қатар, бағынышты қызметкерлерінен қамқорлығы мен қызмет жолында көтермелегені үшін де пара алғаны анықталған. Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Аталған іс  бойынша соңғы үкімді сот шығарады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив