KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Үржарлық түлектердің ең жоғары ұпайы – 135 балл

27.06.2019, 04:00 233

Мектеп түлектерінің білім деңгейін анықтап, жоғары оқу орындары грантын жеңіп алуға мүмкіндік беретін білім сынағы сәтті өтті. 22-26 маусым аралығында білім бөлімі түлектерді алаңдатқан ұлттық бірыңғай тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Тестілеу аудан орталығындағы Бауыржан Момышұлы орта мектебінде өтті. Барлық төрт аудиторияға 12 бейнекамера қойылып, ата-аналарға тест барысын көрсету үшін сыртқа теледидар орнатылды. Аудандағы өзге 20 мектептен 172 түлек тасымалданды. Апелляциялық комиссияға өтініштер түспеді. Тестілеу нәтижесінде Қарабұта ауылынан келген Асыл Тұмарбекова 135 балл, Науалы ауылының Төлеубеков атындағы мектеп түлегі Айдар Мырзақанов 134 балл, Момышұлы мектебінің оқушысы Гүлдана Тілемісова 131 балл алды.

Биыл мектеп бітірушілер саны – 631. Дегенмен, ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргендер саны – 517 (84%). Осы түлектердің 495-і (97,2%) тесті қазақ, 22-і (2,8%) орыс тілінде тапсырды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл тестілеуден өтуге ниет білдіргендер әлдеқайда көп. Білім министрі Асхат Аймағамбетов атап өткендей, биыл түлектердің тест көрсеткіші бұрынғыдай мектептің немесе өңірдің рейтингісіне әсер етпейді.

Атап өтерлігі, аудан мектептерінен осы жылы «Алтын белгі» алғандар саны – 45, олардың 44-і қазақ, бірі орыс мектебінен – Некрасовка орта мектебінің оқушысы Дарья Цемка. Ал, үздік аттестат иегерлері – 19.

Бейсенғазы Ұлықбек

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив