KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-дағы Бақыршық, «Казцинк», «ҮМЗ», «ТМК» зауыттары Арысқа 107 млн аударды

26.06.2019, 09:16 182

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету шараларына алғашқылардың бірі болып өңіріміздегі ірі кәсіпорындар атсалыса бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгінде «Казцинк», «ҮМЗ», «ТМК» мен Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны арнайы құрылған қайырымдылық қорына 107 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Сауапты істен облыстағы этномәдени бірлестіктері де қалыспауда. Соңғы ақпарат бойынша аталмыш бірлестіктер Арыс қаласының тұрғындарына 738 мың теңге аударыпты. Бұл жөнінде өзінің Фейсбук парақшасында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жазады.

Осыдан бұрын хабарлағанымыздай, «Шығыс Ақпарат» медихолдингінің ұжымы да жалпыхалықтық істен шет қалмай, Арыс қаласындағы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті. Медиахолдингтің 200-ден астам қызметкері азаматтық танытып, апатқа ұшырап жатқан Арыс тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын бір кісідей аударады.

– Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Арыс қаласынан бір мың адамды қабылдауға дайынбыз. Осы мақсатта алдағы уақытта облыстық әкімдік мамандары Арыс қаласына барып, жергілікті халыққа арналған бос орындар жәрмеңкелерін өткізіп, маман кеңестерін бермек. Арыс тұрғындарына 1 528 бос жұмыс орнын ұсынамыз. Қажет болса, біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне квота және қаржыландыру көлемін арттыру жөніндегі ұсыныспен шығуға дайынбыз, – деп жазады облыс әкімінің орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив