KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Глубокое ауданында мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

24.06.2019, 09:24 85

Салтанатты шараға ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Аудан басшылығы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз Қазақстанның әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Жалпы мемлекеттік бағдарламаны орындаудағы еңбектеріңіздің үлесі зор болсын, - деп Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Раджан Қайырқанұлы сенім білдірді.
Еңбекте озат бірқатар мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша департаментінің алғыс хаттары табысталып, бірнеше аталым бойынша құрмет грамоталары берілді.

«Ең табысты, жас мемелкеттік қызметші» аталымы бойынша марапат Глубокое ауданындық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Жігер Бүргеновқа табысталды. Мемлекеттік қызметке жоғарғы оқуын бітіріп, ауылдық округ әкімдігіне қатардағы маман болып келген Жігер Жанболатұлы кәсіби біліктілігінің арқасында бас маман, кейін бөлім басшысы қызметіне дейін өскен.

- Мемлекеттік қызметші болу мен үшін жауапты қызмет. Бұл қызметте, қазір білікті маман ғана емес заманауи жаңашылдықтарға сай өзгере алатын адам болу керек. Өзіңе жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындап, елдің дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз, - деп есептейді ол.

Мерекелік шара барысында табысты жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімі Қалиқан Байғозыұлы атынан да алғыс жарияланып, сый-құрмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметке енді ікіріскен Кожохов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Елдос Ибраев пен Краснояр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Олеся Краскова көпшілік алдында ант қабылдады. Барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасымен құттықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив