KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жапондық ғалымдар қатерлі ісікті жеңетін молекула ойлап тапты

24.06.2019, 08:51 200

Жапондық ғалымдар галихондринның 11,5 грамм молекуласын синтездеу жолымен алды. Галихондрин синтезі – бүкіл әлем 30 жылдан астам уақыт күткен теңдессіз оқиға. Осыған дейін бұл бірегей заттың миллиграмнан артық мөлшерін ешбір ғалым синтездей алмаған екен. Енді медицина жаңа дәуірді ашты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі total.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай жаңалықты news.harvard.edu деп аталатын шетелдік басылым жазып отыр.

1986 жылы жапондық ғалымдар Halichondria okadai теңіз губкасынан «полиэфир макролид» деп аталатын жаңа зат бөліп алған болатын. Оның молекулалары «галихондриндер» (Halichondrin) деген атауға ие болып, зерттеулер жасалған. Жануарларға жасалған алғашқы зерттеулердің нәтижесі бойынша, бұл заттың қатерлі ісік жасушаларына қарсы белсенді күресетіні анықталады. Одан ерекше дәрі жасап шығару ғалымдардың басты мақсатына айналғанымен, молекуланың құрылымы өте күрделі және синтездеуге жарамайды екен.

1992 жылы галихондриннің қарапайым нұсқасы болып табылатын эрибулин молекуласын алынды. Ол сүт безінің қатерлі ісігін емдеуде пайдаланылуда. Он бес жылдан кейін Гарвард университетінің ғалымдары мен жапондық Eisai компаниясының фармацевттері галихондринді синтездеу мәселесін шешу үшін күш біріктерген. Олар профессор Йошито Кишидің еңбектерін пайдалана отырып, молекуланы граммдап алуға қол жеткізді. Енді алынған затты алғашқы клиникалық зерттеулерден өткізуге әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта қатерлі ісікті емдеуде жаңа тиімді препараттар пайда болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив