KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Бүгін соғыс басталған күн. Өскемендегі Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды

22.06.2019, 06:39 215

Осыдан тура 78 жыл бұрын Фашистік Германия әскері таңғы сағат 4 кезінде КСРО-ның батысынан басып кірген болатын.

 Қала тұрғындары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Атаулы рәсімге соғыс және тыл ардагерлері, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ресей Федерациясының Консулы, түрлі акционерлік қоғамдардың өкілдері және қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ететін қала жұртшылығы жиналды.

- Біздің ашық аспан астында бейбіт өмір сүруіміз майданда жанын берген әкелеріміз бен аталарымыздың, әпкелеріміз бен әжелеріміздің арқасында. Сол себепті осындай шараларға қатысып, гүл қою ол біздің мәңгілік қастерлі міндетіміз болып қала бермек,- дейді қала тұрғыны Маржан Арманқызы.

Мәңгілік алауға, Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі, Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Азия Авто", " Үлбі Металлургиялық зауыты", "Казцинк", "Бипэк Авто" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және де қала тұрғындары гүл шоқтарын қойды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив