KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Даниал Ахметов полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

22.06.2019, 06:33 235

Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген.

Осы күні біз ішкі істер органдарының ардагерлеріне, бүгінде таңдаған мамандығына деген адалдықтың, Заңғы қалтқысыз қызмет етудің үздік үлгісін көрестіп, полиция қатарында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымызды және ризашылығымызды білдіреміз.

Бүгінгі таңда қазақстандық полиция алдында тұрған міндеттердің маңызы әрбір қызметкерден құзіреттілікті, жауапкершілікті, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауды талап етеді.

Сіздерге қызметті абыроймен атқаруды, жүктелген кәсіби міндеттерді лайықты орындауды, сондай-ақ, мықты денсаулық, отбасы берекесін, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Даниал Ахметов,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив