KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

"Суточный" пәтерлер проблемасы. Учаскелік полиция не дейді?

22.06.2019, 05:32 116

 Ұялы телефонымызда учаскелік инспектордың телефон нөмірінің болғаны дұрыс. Десек те, көпшілік полицияның осы бір әмбебап қызметкерінің жұмысынан хабарсыз. Оның құзыретіне не жатады? Нені қадағалайды? Оған шағымды қалай түсіруге болады? Осы және басқа да сауалдарға Өскемен қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі №11 учаскелік полиция пунктінің жұмыс ұйымдастыруға жауапты қызметкері, полиция майоры Ерікжан Мұхтариев жауап берді.

Көпшілік жалға берілетін пәтерлердің проблемасы жайлы жақсы біледі.

Көп жағдайда мұндай пәтерлердің ішінен шыққан айғай-шу маңайдағы басқа пәтерлердің тұрғындарына маза бермейтіні рас. Полицейлер мұндай жалдамалы пәтерлерде тыныштықты бұзудан бөлек, өзге де құқық бұзушылықтардың, тіпті қылмыстың да жиі орын алатынын алға тартуда.

– Жалдамалы пәтелердің өзі екі түрге бөлінеді – ұзақ және қысқа мерзімді болып, Полиция пункттерінде өздеріне тиесілі аумақтағы жалдамалы пәтерлердің тізімі болады. Әр пәтерге қатысты папка ашып, оған үй иесіне салық комитетінен берілген патенттің, үй құжаттарының, пәтер жалдаушылармен арада жасалған келісім-шарттың көшірмелерін тігеміз.Сондай-ақ, тұрғын үйді қысқа мерзімге жалға берушілерден арнайы журнал ашып, онда әр келушінің деректерін жазып отыруды сұраймыз. Жаман айтпай жақсы жоқ, ертеңгі күні қандайда бір қылмыс орын ала қалса бұл журналдың тигізер көмегі зор болмақ. – деп қосты Ерікжан Мұхтариев.

Қоса кетсек, шақырту бойынша келген учаскелік инпсектор пәтер қожайынының кәсіпкерлік жасауға рұқсат беретін құжатының бар-жоғын да тексеруі тиіс. Егер мұндай құжаттар болмаса материал Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданады. Жалдамалы пәтердегі шуға қатысты полиция шақырумен қатар сіз заңсыз кәсіпкерліктің де алдын аласыз. Өз кезегінде учаскелік инспектор мұндай баспананы бақылауға қояды.

Ал пәтерді ұзақ мерзімге жалға берушілерге қандай талаптар қойылады? Талап бірдей десек те болады, тек мұндағы айырмашылық пәтер жалдаушылар сол жерде бір айдан астам тұрып жатса мекенжайға тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс. Бұл үй иесімен қатар пәтер жалдаушының да бас ауруы болуы керек. Өйткені осындай заңсыздық анықталса пәтер жалдаушыға қатысты еліміздің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 492-бабы (7 АЕК – 17675 теңге), ал үй иесіне 494-бабы (5 АЕК – 12625 теңге) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл жазылады.

– Ұзақ мерзімді пәтер иелерін заңсыздықтары бойынша жауапкершілікке тартсақ, қысқа мерзімге жалға берушілер үшін мұндай жазалау қиынырақ. Өйткені ондағы келіп-кетушілер жиі ауысып тұрады, – деді Ерікжан Ағзамұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив