KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Бүгін Қазақстан бойынша ҰБТ өтіп жатыр

20.06.2019, 04:25 187

Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық қалаларында бір уақытта басталды. Тестілеу 20-30 маусым аралығында өтіп, оған 117 242 адам қатыспақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасап.

Осы жылы ҰБТ өткізу үшін 169 пункт жабдықталып отыр. Тест тапсыратындардың ішінде биылғы жылдың түлектері ғана емес, өткен жылы мектеп бітіргендер мен колледж түлектері де бар.

Тестті 5 пән бойынша және қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады. 120 сұраққа 3 сағат 50 минут беріледі.

ҰБТ-ның нәтижелері тест өткен күні дайын болып, Ұтттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады. Аппеляцияға беру үшін нәтиже белгілі болған кезден бастап келесі күні сағат 13.00-ге дейін өтініш жазып үлгеру қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив