KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Катонқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

13.06.2019, 11:33 226

Катонқарағай ауданының әкімі ауысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО әкімі аудандық мәслихаттың келісімі бойынша, бұл лауазымға Ренат Құрмамбаевты тағайындады.

Бүгін аудан активінің жиынында ауданның жаңа басшысын ресми түрде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев таныстырды.

Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаев – Катонқарағай ауданының тумасы, Новоберёзовка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастап, кейін мемлекеттік қызметке ауысқан.  Бұған дейін Катонқарағай ауданы әкімі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив