KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Алтайдың атлеттері кезекті жеңісіне жетті

11.06.2019, 08:03 94

«Altay Athletics» клубының спортшылары кезекті рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жолы шығысқазақстандық клубтың экс-кениялық өкілдері көзге түсті.

Атап айтсақ, Германиядағы «Whitsun Rehlingen Siersburg» деп аталатын халықаралық жарыста өнер көрсеткен Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей дода қорытындысы бойынша бірі алтын, бірі күміс жүлдеге ие болды. Былтыр Қазақстан азаматтығын алған спортшылар кедергілері бар үш мың метрлік қашықтыққа жүгіру сайысына қатысқан-ды.

Байрақты бәсекеде топ жарған Нора Джеруто жарыс жолын 9 минут 12,99 секундта жүгіріп өтсе, мәре сызығын екінші болып кескен Дэйзи Джепкемейдің көрсеткіші 9 минут 15,03 секундқа тең.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив