KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты

10.06.2019, 05:10 159


Еxit poll мәліметтері жарияланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға өзіне сенім білдіргендері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Мен сайлау алды кампанияның өркениетті сипатта, тыныш өткеніне қуанып отырмын. Бұл Қазақстанда саяси мәдениет деңгейінің өскенін көрсетеді. Алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне, белсенділер мен партияның жақтастарына алғыс білдірді.

-Байқасаңыздар, әлемдегі ахуал сияқты елдегі жағдай да өзгерді. Біз халықаралық турбуленттік үрдістердің әсер ету нысанына айналдық. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бөлігі ретінде сыртта болып жатқан жағдайларды түйсіне алады. Қазақстанның болашағы үшін бізге бірігу қажет, - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив