KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Күршімде сайлауға келген көпбалалы аналарға сыйлықтар табысталды

9.06.2019, 11:59 172

Күршім ауданында 363 көпбалалы ана тұрады. Бүгінгі күні алтын құрсақты аналардың барлығы келіп өз таңдауларын жасаған. Солардың бірі "Алтын Алқа" иегері, 7 баланың анасы Айнұр Адаспаева.

-Бүгінгі тәуелсіз қазақстанымыз үшін тарихта қалатын ерекше күнде мен де өз сайлау учаскеме барып, дауысымды бердім. Мен көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегерімін. Көп баланың анасы болу мен үшін нағыз бақыт. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көптеп көңіл бөлінуде. Мектеп жасындағы балаларым тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, аудан орталығында жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған үйірмелерге, спорт нысандарына тегін қатысады. Жолдасым екеуміз балаларымыздың сапалы білім алып, еліміздің бетке ұстар, білімді, тәрбиелі, еңбекқор азаматтары болуға бар күш жігерімізді салудамыз. Балаларымның болашағы үшін бүгін таңдау жасадым,- дейді алтын құрсақты ана.

Аудан бойынша алғаш дауыс берген азаматтар мен көпбалалы аналарға силықтар табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив