KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде өртте екі адам қаза болды

9.06.2019, 10:34 138

Өрт «Колос» саяжай серіктестігінде 8 маусым күні түнгі сағат 23.00 шамасында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан өртеніп кеткен екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

№2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері саяжай учаскесіне жеткенде, оның аумағына бірден кіре алмаған. Себебі, маңайы темір дуалмен қоршалған екен.

Учаскеде есігі ішінен бекітілген темір вагонның ағаш шатыры өртеніп кетіпті. Вагоннан ер адам мен әйел адамның денесі табылған. Анықталғандай, екеуінде де иіс тиіп улану белгілері бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив