KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Даниал Ахметов Өскемендегі №9 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді (ВИДЕО)

9.06.2019, 04:57 304

  ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі №42 мектеп ғимаратында орналасқан №9 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

  Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Бақыт Назарбаеваның айтуынша, мұнда 2937  сайлаушы тіркелген. «Таңертеңнен бері дауыс берушілердің, әсіресе 18 жасқа толып тұңғыш сайлауға қатысатындардың  жоғары белсендігі байқалады» - дейді төрайым.

Олардың бірі Өскемен қаласының 18 жастағы тұрғыны Мөлдір Ермұхамбетова.

-Бүгін ерекше толқыныста екенімді жасыра алмаймын. Себебі  еліміздің болашағын, яғни келешек президентімізді таңдап дауыс бердім,-дейді ол.

 

Видеоны 360° градус форматында көргіңіз келсе мына жерге басыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив