Өскемен
-8°
переменная облачность ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

Республика бойынша 8 023 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

9.06.2019, 01:51 85 0

Республика бойынша 8 023 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 8-бабы 1-тармағына сәйкес презиент сайлауы жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де басталады.  Дауыс беру күнінде сайлау комиссиялары дауыс беру басталмастан 1 сағат бұрын учаскелерді ашуға кірісті. Сайлау комиссияларының төрағалары дауыс беру басталмастан 30 минут бұрын  комиссия мүшелерінің қатысуымен  дауыс беру жәшіктерінде  бюллетендердің бар-жоғын, бүтіндігін  тексереді және жәшіктерді дауыс беру үшін пломбалап, мөрлейді", - деді ол.

Оның атап өтуінше, сонымен қатар сайлау учаскелерінің төрағалары бюллетендерді берумен айналысатын комиссия мүшелерін айқындайды.

 "Келіп түскен ақпараттарға сәйкес Нұр-Сұлтан  уақыты бойынша сағат 07-00-де 8 023 учаскеде дауыс беру басталды. Дауыс беруге кіріскен учаскелердің ішінде 48 сайлау учаскесі сәйкесінше аумақтық сайлау комиссиясының  шешімімен дауыс беруге сағат 06-00-ден бастап кірісті. Аталған учаскелерді сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың саны 9 627 073 адам", - деді К.Петров.

Төраға орынбасарының айтуынша, басқа сағат белдеуінде жатқан 5 өңірде дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытынан бір сағат кейін басталады. Олар: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары.  

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив