Құмар ойындармен айналысатын компаниялар 3,1 миллиард табыс тапқан

2019 жылдың бірінші тоқсанында құмар ойындарды ұйымдастырумен және бәс тігумен айналысатын қазақстандық компаниялар 3,1 миллиард теңге табыс тапты, деп жазады LS.
2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (5,4 миллиард теңге) түсім 42,5 пайызға төмендеді.
«Сонымен қатар бірінші тоқсанда ойын бизнесі үшін төленген салық мөлшері 4,6 миллиард теңгені құрады. Жыл ішінде ол 5,5 миллиард теңгеден 16,4 пайызға төмендеді» деп хабарлайды дерек көзі.
Алматы облысы мен қаласының компаниялары сәйкесінше 2,1 және 1,4 миллиард теңге, ал Ақмола облысының компаниялары 445,6 миллион теңге төлепті.
Сонымен қатар оқыңыз
ШҚО-да қанша адам зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шеше алады?Қазақстанда баспа қызметі қысқарып келеді. Қай қала қанша пайда тауып отыр?2012 жылы шығысқазақстандықтар 2,5 миллион теңгенің киносын тамашаладыШҚО әкімі: "Облыс экономикасына инвестиция тарту бойынша мақсатқа қол жеткізілді"Хобби ретінде қосымша білім алу жөнінен қай өңір тұрғындары алда?