KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ЖХЛ-да тағы бір қазақстандық команда ойнайтын болады

3.06.2019, 10:51 173

Жоғары хоккей лигасы тағы төрт командамен толықты. Олардың арасында қазақстандық клуб та бар. Бұл туралы Сочи қаласында ЖХЛ клубтары басшыларының қатысуымен өткен алқалы жиын барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтсақ, жаңа маусымнан бастап лигада «Динамо» (Тверь, Ресей), «Торпедо-Горький» (Төменгі Новгород, Ресей), «Номад» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) және «Хумо» (Ташкент, Өзбекстан) командалары өнер көрсетпек. Яғни Владимир Петров кубогы үшін сынға түсетін командалар саны 29-дан 33-ке дейін ұлғаймақ.

Еске салайық, бүгінде ЖХЛ-да екі қазақстандық клуб ойнауда. Олар: Өскеменнің «Торпедосы» мен Қарағандының «Сарыарқасы». Осы ретте таяуда ғана аяқталған 2018-2019 жылдарғы додада қарағандылық команда жеңіске жетіп, Петров кубогына ие болғанын айта кеткен орынды. Ал «Торпедоның» қоржынында әзірге мұндай жүлде жоқ. Өскемендік команданың ең үздік нәтижесі 2016-2017 жылдары тіркелген. Сол жолы Алексей Ждахин баптаған жерлестеріміз ЖХЛ-дың тұрақты чемпионатында топ жарып, плей-офф кезеңінің финалына дейін жеткен.

Жиын барысында 2019-2020 жылдарғы маусымның ойындар кестесі шілде айында жарияланатыны туралы айтылды.

Айта кетейік, былтыр ЖХЛ-да екі қазақстандық, екі қытайлық және 25 ресейлік команда өнер көрсеткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив