KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

502 теңге. Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

3.06.2019, 05:30 169

Қазақстанда 2019 жылдың мамыр айында сәуір айымен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,8 пайызға (502 теңге) артып, 28,3 мың теңгені құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 7,1 пайызға өскен.

Айта кетейік, сәуір айында күнкөріс деңгейінің шамамен 15,6 мың теңгесі азық-түлік өнімдеріне, ал қалған 12,7 мыңы азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге тиесілі деп хабарланған.

Ең жоғары күнкөріс деңгейіне келер болсақ, ол Маңғыстау облысында (34,5 мың теңге), сондай-ақ Нұр-Сұлтан (33,1 мың теңге) мен Алматы (31,3 мың теңге) қалаларында тіркелген. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі Павлодар (25 мың теңге) және Батыс Қазақстан (25,6 мың теңге шамасында) облыстарында екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив