Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Мүлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды – бүгін соңғы күн

3.10.2022, 19:46 8 0 Мадина Амангелдіқызы
Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу мерзімінің соңғы күні 3 қазанға ауыстырылды. Ал ертеңнен бастап өсімпұл жүреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Салық кодексінің 38-бабы, 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

"Сондықтан 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Ертең, яғни, 4 қазанда өсімпұл есептеле бастайды", - дейді комитет мамандары.

Айта кетері, салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Салық бойынша берешектің бар-жоғын "e-Salyq Azamat" (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге мүмкіндік бар.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив