KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Күршімнің жері туралы ресми ақпарат: Аудан әкімі не дейді? (ВИДЕО)

30.05.2019, 03:40 243

Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов халықты интернет кеңістігіне тарап жатқан жалған әңгімелерге сенбеуге және таратпауға шақырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аудан әкімі өз үндеуін видежолдау арқылы жеткізді. Айтуынша, әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат еш негізсіз, «Күршім ауданында жер сатылды» деген әңгіменің барлығы жалған.

«Күршім ауданында жер сатылды» деген жалған ақпарат әлеуметтік  желі, уатсап топтары арқылы тарап жатыр. Ақпараттың еш негізсіз екенін мәлімдеймін.

Қазақстан Республикасы Жер туралы заңына сәйкес шетелдіктерге жер беруге мораторий жарияланған. Жер тек  Қазақстан азаматтары мен шетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі.

Күршім ауданының ауылшаруашылық жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып, еңбектеніп жатыр.

Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын!»,-дейді Дулат Қажанов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әлеуметтік желілерде 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап халық арасында алуан түрлі пікір айтылғаны белгілі. ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы В. Барсукова да аталмыш ақпараттың жаңсақ екенін және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив