KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскемен полицейлері үш күн бойы айыппұл өндіреді

27.05.2019, 11:45 189

Өскемен полицейлері рейдке шығып, айыппұл өндіре бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

27-29 мамыр күндері «Айыппұл төле» алдын-алу шарасы өтеді.

 

Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары рейд жүргізу арқылы айыппұл арқалаған азаматтардың жазадан жалтармауын қадағалайды.

 

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыппұл төлемейтіндерге қатысты ҚР ӘҚБтК 669 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалуы мүмкін. Оның санкциясы жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен пара-пар екенін ескеріңіздер. АЕК өтелмеген жағдайда бес тәулікке дейін қамауға алуға құқылы тәртіп сақшылары.
 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив