KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменде құтқарушылар 4 қабаттан 4 жастағы балақайды аман алып түсті

27.05.2019, 04:29 104

Өскеменнің өрт сөндірушілері төртінші қабаттың балконынан төрт жастағы балақайды аман-есен алып түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Өскеменде өрт шыққан болатын. Вострецов көшесінде, 24 мамырдың түнінде, 00.00 сағат шамасында.

 

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне қарағанда, өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Құтқарушылар ғимаратты барлау кезінде балкондағы төрт жастағы балақайды көреді.

 

– Жатын бөлмелерде жиһаздар мен тұрмыстық техникалар жанып жатты. Жоғары қабаттағы пәтердің балконынан барлау барысында 2015 жылы туған бала құтқарылды, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі.

 

Балақайды ауруханаға апарудың қажеті болмады.

 

Айта кетсек, жалпы 8 адам эвакуацияланды.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив